11.09.2025
02:27
661
"Қарсыласына мүмкіндік бермеді": Айбек Оралбай жартылай финалға өтті

"Қарсыласына мүмкіндік бермеді": Айбек Оралбай жартылай финалға өтті

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның  Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта Хорватия елінің өкілі Лука Пратльячичпен өзара мықтыны анықтады.

Үш раунд бойы хорватиялық қарсыласына еш мүмкіндік бермеген отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Есеп - 5:0. 

Жартылай финал жекпе-жегі 12 қыркүйек кубалық Хулио Ла Крузға қарсы өтеді.