"Қарсыласын нокаутқа түсіріп, кетіп қалған". Шымкенттік азамат танысын өлтіріп қойды

31 Тамыз 2023, 11:44 580

25 тамыз күні кешкі уақытта Тұран АПБ-ның 102 арнасына Тельман шағын ауданында жергілікті тұрғынның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы барды. 40 жастағы ер адамның мәйітін қарау кезінде әртүрлі дене жарақаттары анықталды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі “Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша тіркеді.

Күдікті ұсталды. Ол марқұмның 47 жастағы танысы болып шықты.

Белгілі болғандай, ер адамдар арасында төбелес шығып, күдікті қарсыласын нокаутқа түсіріп, кетіп қалған.

Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: