Қарсыласым өте қолайсыз болды - Абиба Әбужақынова

28 Шілде, 05:34 813

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Абиба Әбужақынова қола медаль үшін күресте жеңілуінің себебін айтты, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Жарақат болса да шыдайтын едім, сол қателік... Қарсылас (швециялық Тара Бабулфатты айтады - ред) өте қолайсыз, тиімсіз. Әдіс жасатпайды, лақтыра алмайсың. Қаншама әрекет жасадым, бәрібір өзінікін істеді. Қарсылас біліп тұр, сол үшін аяқтан теуіп тұрды, - дейді көзіне жас алған Абиба. 

Айта кетелік, 48 келі салмақта белдескен Абиба Әбужақынова швециялық Сара Бабулфаттан жеңіліп, ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарын бесінші орынмен аяқтады.

Перизат Саденова
Бөлісу: