Қарқаралыда Ахмет Байтұрсыновқа ескерткіш орнатылды

11 Қараша 2022, 06:50 1528

Ескерткіш Қарқаралы маңындағы Қорғантас тауының етегінен қазылған тастан жасалды

Қарқаралы қаласында, аудандық білім бөлімі ғимаратының жанында ұлт ұстазы және «Алаш» партиясының көшбасшысы Ахмет Байтұрсыновқа ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды El.kz Қарағанды облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Ескерткіштің авторы – Қарқаралы ауданы мемлекеттік мұрағатының басшысы Манарбек Кәрім.
Бұл – мүсіншінің ұлт ұстазына арналған екінші жұмысы. Бұған дейін «Алаш» партиясы көшбасшысының 150 жылдығына арналған ескерткіш Қарағандыдағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясының ауласында орнатылған болатын.


«Қорғантас тауы Қарқаралы қаласының батыс бөлігінде орналасқан. Мен бұған дейін дәл осындай ескерткіш жасап, осы таудың етегінен алынған қатты тасты қолдандым. Міне, осы жолы да сол тасты қолдандым, – дейді мүсінші. – Ескерткіштің ені – 2,2 метр, биіктігі – 4,3 метр. Оның салмағы шамамен 5 тонна. Мұндай тапсырыстарды орындау мен үшін үлкен мәртебе», - дейді мүсін авторы. 
Мүсінші Манарбек Кәрім сондай-ақ Қарқаралыдағы Абай үйінің жанында және Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінің мәдениет үйінің аумағында орнатылған Абай Құнанбаев пен Бұқар жырау ескерткіштерінің авторы.

EL.KZ
Бөлісу: