12.10.2025
21:43
466
Қарқаралы тауларында адасқан туристер аман табылды

Қарқаралы тауларында адасқан туристер аман табылды

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында үш туристі іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Олар бүгін таңертен серуендеу үшін тауға көтеріліп, адасып кеткен. Таулы аумақты қарау үшін құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданған. 

ТЖМ іздестіру тобы туристерді Қарқаралы қаласынан 8 шақырым қашықтықтағы таулы жерде тапты. Оларға медициналық көмек қажет болмады, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.