"Qarmet" АҚ әкімшілігі өз қызметкерлерінің қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Біірқатар БАҚ-та "Qarmet" АҚ қызметкерлері бөлшектеу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде өлімге апарып соққан жарақатты алғаны туралы ақпарат пайда болған.
Компания қайғылы оқиғаға "Қазмеханомонтаж" ЖШС қызметкерлері ұшырағанын хабарлайды.
Бүгін бірқатар БАҚ және телеграм арналарда бөлшектеу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде "Qarmet" АҚ қызметкерлерімен болған жазатайым оқиға туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған, - делінген хабарламада.
Qarmet қаза тапқан "Қазмеханомонтаж" ЖШС қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты.