Қарашаның соңғы күндері ауа райы қандай болады?

Бүгiн, 14:33 134

Синоптиктер қарашаның соңғы үш тәулігіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет мәліметінше, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

Аптаның ортасында республика батысының оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман және желдің күшеюі, ал айдың аяғында елдің басым бөлігінде, бұл ретте Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аудандарда қатты жауын-шашын болжанады, - дейді синоптиктер.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: