Қарасай ауданында медбикенің өліміне себеп болған күдікті ұсталды

7 Тамыз 2023, 20:35 1242

Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция хабарынша, 7 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының  жарақатымен 45 жастағы әйел түскенін, кейін ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болған. 

“Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Кошмамбет ауылының тұрғыны болып табылатын күдіктінің жеке басын анықтап, оны бір сағат ішінде “ізін суытпай” ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында  сот- медициналық сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде”,- деп хабарлады полицияда.

Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалғанын атап өткен жөн. 

Ұсталған адамның айтуынша, оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас салдарынан орын алған.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Перизат Саденова
Бөлісу: