Қарасай ауданында 4 тонна жүгері жанып кетті

10 Маусым, 06:20 671

Алматы облысы Қарасай ауданында жеке тұрғын үйдің аумағында өрт шықты. Оқиға 9 маусымда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қызыл жалын 120 шаршы метр аумақтағы үй шатырынан шыққан. Содан ондағы шөп пен 4 тонна жүгері жанған. 

ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 55 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Министрлік өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады,-делінген ведомство мәліметінде.

Перизат Саденова
Бөлісу: