Қарақат Әбден “Ауыл” партиясы атынан Мәжіліс сайлауына түседі

Қарақат Әбден “Ауыл” партиясы атынан Мәжіліс сайлауына түседі

Қарақат Әбден “Ауыл” партиясы атынан Мәжіліс сайлауына түседі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы “Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясы орынбасары Анас Баққожаев айтты. Оның айтуынша, Қарақат Әбден жыл басында партия мүшелігіне өткен. 

Сондай-ақ Анас Баққожаев ОСК-ға ұсынған партия тізімінде қоғамның түрлі саласының өкілдері бар, бірақ көпшілігі ауыл шаруашылығы өкілдері екенін айтты.

“Біздің ұсынған 25 адам. Бір мандаттық жүйе бойынша 9 адам бар, жалпы 34. Олар 42 саланың өкілдері. Негізгі 40-50%-ы нағыз еңбек адамы, өндірісте жүрген кәсіпкерлер. Білім саласы, спорт саласы, медицина саласынан да бар”,- деді Анас Баққожаев.