Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қарағандыда нөсер жауын жауып, қатты жел тұрды. Соның салдарынан көшелерді су басып, мектеп-интернаттың шатыры көкке ұшты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зардапты жою қалай жүргізіліп жатқанын Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықов айтты.
Нөсер жауынға байланысты бірнеше көшені су басқаны байқалып отыр, бірнеше ағаш құлады, шатырлардың бұзылу жағдайлары бар. Коммуналдық қызметтер мен арнайы техникалар шұғыл режимде жұмыс істеп жатыр. Барлық мәселені бақылауда ұстап отырмын, - деп жазды шаһар басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айтуынша, бүгін кешке қалада жаңбырдың айлық мөлшері түскен.
Мұндай көлемді бір мезетте қабылдауға жауын-шашын суы канализациясының шамасы жетпеді. Дәл қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, су кетті. Бірнеше ауланы су басқан жағдайлар бар, қазір суды сору жүргізіліп жатыр. Электр энергиясымен жамбдықтау жүйесіне де зақым келді. «Қарағанды Жарық» оқиға орнында, салдарын жойып жатыр, - деді қала әкімі.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары