Қарағандылық құтқарушылар жаңа техникаға ие болды

6 Қаңтар, 18:49 755

Қарағанды облысы әкімі 2023 жылы республикалық және облыстық бюджеттен алынған 23 техникасын құтқарушыларға салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өз кезегінде, Қарағанды облысы азаматтық қорғау гарнизонының қызметкерлері облыс әкіміне жылсайынғы ауқымды көмегі үшін өздерінің алғысын және табыс еткен техника үнемі төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға дайын болатынына сенім білдірді.

Мысалы, өткен 8 жылда Төтенше жағдайлар Департаментіне 188 өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникасы берілді.​ Оның ішінде 104 техника облыстық бюджеттен бөлінді.

Өткен жылы облыс бюджетінен 3 ірі жоба қаржыландыра басталды, оның ішінде Балқаш қаласында өрт-сөндіру депосы мен Қарағанды қаласында құтқарушылардың оқу-жаттығу кешенінің салынуы және Теміртау қаласында орт-сөндіру депосының қүрделі жөнделуі.​

Биылғы жылы облыс әкімдігі қолдауымен 20 бірлік техника алынбақшы, оның ішінде 50 метрлік өрт-сөндіру автосатыларыда бар.​

Жансая Әділбек
Бөлісу: