29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚарағанды-Астана бағыты бойынша Comfort+ форматындағы жаңа электр пойызы қатынай бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Вагондар қазіргі заманғы еуропалық стандарттарға сәйкес келеді. Сонымен бірге вагон салоны жолаушыларға арналған бірқатар жайлылықтармен ерекшеленеді. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, электр пойызы алты вагоннан тұрады және 576 орынға есептелген.
Қозғалысы шектеулі жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін автоматты жылжымалы баспалдақтар қарастырылған. Вагондардың интерьері заманауи үлгіде жасалған. Әрбір отыратын орын мобильді құрылғыларды зарядтауға арналған USB ажыратқыштармен жабдықталып, вагондарда сусындар мен жеңіл тағамдар сатып алуға арналған вендингтік автомат орнатылды.
Сондай-ақ, әрбір вагонда мүгедектігі бар жолаушыларға арналған арнайы кабиналарды қоса алғанда, биодәретханалар орнатылған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек