Қарағандыдағы шахтада кенші қаза тапты

12 Наурыз, 13:05 790

Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында 43 жастағы кенші көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кенші құрылғыны монтаждау кезінде ауыр жарақат алған.

12 наурызға қараған түні компанияның Көмір департаментіне қарасты «Саран» шахтасында монтаждау жұмысының арнайы жабдықты жөндеу кезінде 1980 жылы туған тау-кен жұмысшысы жарақат алып, соның салдарынан қаза тапты. Жұмыс ZY7200-13/30 секциясын құрастыру және монтаждау жөніндегі жобасына сәйкес болды, ол кезде қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау берілген. Болған жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жүргізеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жабдықты бекіту болты үзіліп кеткен, - делінген компания ақпаратында.

«Qarmet» АҚ өкілдері марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: