Қарағандыдағы «Абай» шахтасында 155 адам эвакуацияланды

8 Қараша, 10:38 355

Кәсіпорынның Орталық диспетчерлік басқармасына 7 қараша күні сағат 20:29-да шахтада электр энергиясының тоқтағаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған «Қарағанды» ЖШС №9 трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы себеп болды. Кешкі ауысымда болған 155 адам шұғыл жер бетіне шығарылған.

Qarmet АҚ қазіргі уақытта электр энергиясының қалпына келтірілгенін және кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпсіз түрде жұмысты қайта бастау үшін шахтаны дайындап жатқанын хабарлады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: