Қарағанды облысында жоғалып кеткен жасөспірімді табуға көмектескен 18 жастағы ерікті Әділжан Дүренбеков марапатталды, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, Қарағанды облысының ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев салтанатты түрде 18 жастағы ерікті Әділжан Дүренбековты марапаттаған. Оған жоғалған жасөспірімді іздеуге белсенді қатысқаны үшін алғыс хат пен естелік сыйлық табысталған.
Әділжан – Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ жанындағы инновациялық технологиялар колледжінің бірінші курс студенті.
Оның айтуынша, 2 сәуір күні жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабарламаны көрген бойда бірден іздеуге шыққан. Ол еш ойланбастан мотоциклімен жалғыз өзі жолға шығып, айналаны тексеруге кіріскен.
Әділжан Дубовка кентінің маңындағы өзен жағасын тексеруді жөн көрген. Дәл сол жерден ол жоғалған мектеп оқушысын тапқан.
"Әділжанның бұл әрекеті – бейжай қарамаудың, батылдық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2 сәуірде Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 13 жасар бала іздестіріліп жатқанын жазған едік.
Кейін жеткіншектің Абай қаласынан 15 км қашықтықтағы далалы жерден аман-есен табылғаны белгілі болды.