01.02.2024
19:23
1701
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

Бас прокуратура 1 ақпан күні жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамды Қарағанды облысында ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды қаласында 27.01.2024ж. сағат 00.20 шамасында болған жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақатын келтіру оқиғасы бойынша күдікті Дакебаев Нұрболат Нұрымұлы ұсталды, - делінген прокуратура мәліметінде.

Тергеу барысында ол бой тасалап, іздеуге жарияланған болатын.

Қазіргі уақытта Дакебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін ең жоғары жаза үш жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады.