Қарағанды қаласында университет жатақханасынан өрт шыққаннан кейін 10 студент ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жатақханасында болған. Бірінші қабатта қоқыс құбырынан өрт шыққан. Тілсіз жау 1,5 шаршы метр ауданға тарады.
Денсаулық сақтау басқармасы 10 студенттің зардап шеккенін хабарлады. Барлығы ауруханаға жеткізілді.
"Ауруханаға түскенде жағдайы тұрақты болды. Қазіргі кезде қосымша медициналық тексерістен өтіп жатыр. Одан кейін үй жағдайында емделуге ауыстырылады", - дейді дәрігерлер.