Қарағанды қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастар арасында айтулы бәсекесі 19 қыркүйек күні басталады. Қанат Байшолақов атындағы дүбірлі сын таңертеңге 10:00-де өз жалауын көтереді деп күтіліп отыр.
Ел чемпионатының алғашқы күнінде қыздар -48 -52, -57 келіде сынға түссе, ерлер санаты бойынша татами шеберлері -60, -66, -73 келіде өзара мықты анықтамақ. Ал финалдық сында 17:00-де басталады.