Қарағандыда жаппай төбелес ұйымдастырмақ болған 42 адам ұсталды

25 Шілде 2023, 17:30 966

Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінің маңында төбелеспек болған бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, олар сауда үйлерінің бірінің маңындағы автотұрақта өзара қарым-қатынасын айқындамақ болған.

Оқи отырыңыз:

Полицияға 42 адам жеткізілді, оның 11-і кәмелеттік жасқа толмағандар. Ұсталғандардан пышақ, тапаншаға ұқсас зат, кастет және 7 көлік тәркіленді. Көліктер Қарағанды қалалық полиция басқармасының автотұрағына қойылды, - делінген мәліметте.

ҚР ҚК 293-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: