Қарағандыда шолу шеңбері жарықтан ажырап ішінде адам қалып қойды

6 Тамыз 2023, 16:50 702
Қарағандының орталық саябағында шолу шеңбері тоқтап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  
 
Қозғалыс кезінде аттракцион ішінде адамдар болған. Саябақ қызметкерлері шеңберді қолмен айналдырып, адамдарды түсіруге тура келді. Аталған оқыс оқиға 5 тамыз күні болған.
 
Ал шеңбер электр қуатының үзілуінен тоқтаған көрінеді. Сол кезде "Қарағанды Жарық" ЖШС электр беру желісінің бірінде апат болғаны белгілі болды.
"Қарағанды Жарық" ЖШС тарапынан жарықтың сөнуінен шолу шеңбері де тоқтап қалды, бірақ қызметкерлер бұл аттракционды қолмен айналдырып, барлық келушіні сыртқа шығарды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ", - деп пікір білдірді Қарағанды саябағының басшылығы.
Аталға апат кезінде орталық саябақтың басқа да аттракциондары тоқтап қалған. Дегенмен, одан зардап шеккендер тіркелмеді. Электр беру желісіндегі апатқа байланысты Қарағандыдағы Ермеков, Анжерская, Липецкая, Академиялық, Крамский, Чкалов, Бадин, Аманжолов, Гоголь, Ботаникалық көшелері жарықтан уақытша ажырап қалды. 
Асқар Таудай
Бөлісу: