31.12.2022
21:20
1819
Қарағандыда сауда үйінің жанынан егде әйелдің денесі табылды

Қарағандыда сауда үйінің жанынан егде әйелдің денесі табылды

Бүгін таңертең Қарағандының «Майқұдық» шағын ауданындағы сауда үйлерінің бірінің жанынан 71 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауда үйінің жанында белгісіз әйелдің денесі жатқаны туралы Қарағанды қалалық ЖБО-ға кездейсоқ куәгер хабарлаған. Полиция дереу оқиға орнына жеткен.

31 желтоқсан күні сағат 9.47-де Қарағанды қаласы ПБ ЖБО-ға 12 шағын аудандағы «Аян» СҮ жанында зорлық-зомбылық белгілерінсіз 71 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады, – деп хабарлады полиция.