Қарағанды қаласындағы Бұхар Жырау даңғылының бойында орналасқан сауда - ойын орталығының бірінде өрт шығып, ТЖМ күштерінің араласуымен сөндірілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ТЖМ-нің хабарлауынша, жедел келген құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдаған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін аталған алып нысанның әкімшілігі келушілер мен персоналды эвакуациялауды ұйымдастырды. Нәтижесінде 250-ге жуық адам далаға шығарылған.
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түспеген. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, суды үздіксіз беру ұйымдастырылған. Сондай-ақ, өртті сөндіру жоғары температурамен және қатты түтінмен күрделене түскен.
Өртті жоюға ТЖМ 60-тан астам жеке құрам мен 21 бірлік техника жұмылдырылды, - деді Қарағанды облысы ТЖД ТЖЖБ бастығы Нұржан Жақатаев.