Қарағандыда салынып жатқан ғимарат өртенді

29 Маусым, 20:38 785

Қарағандылық құтқарушылар салынып жатқан ғимараттағы өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Қарағанды қаласында жаңадан салынып жатқан ғимараттың аумағында 150 шашры метр алаңда ағаш қалып өртенді.

Өрт шақырту түскен сәттен бастап 52 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда. ТЖМ барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және ескермеуге шақырады, - делінген мәліметте.

Перизат Саденова
Бөлісу: