Қарағанды облысында бұған дейін ауа райының қолайсыздығынан көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған республикалық маңызы бар трасса ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"ҚазАвтоЖол" ҰҚ мәліметінше, 1 желтоқсанда сағат 23:00-ден бастап "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1505-1610 шақырымы аралығы (Новостройка ауылынан - Ақсу-Аюлы ауылына дейін) көлік қозғалысы үшін ашық.
Еске салсақ, біз бұған дейін еліміздің үш өңіріндегі республикалық маңызы бар бірнеше трасса көлік қозғалысы үшін уақытша жабылғанын хабарлаған болатынбыз.