Қарағанды облысында құрылыс алаңында жұмыс істеп жүрген жұмысшы қайтыс болды. Ол биіктен құлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға бүгін 3 қарашада Qaragandy Power Silicon зауытында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан жұмысшы монтаждау және дәнекерлеу жұмыстарын істеп жатқан екен. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады.