28.08.2025
12:14
786
Қарағандыда қару жасырмақ болған ер адам ұсталды

Қарағандыда қару жасырмақ болған ер адам ұсталды

Қарағанды қаласында өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қару жасырмақ болған азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Polisia.kz мәліметінше, облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция полкінің сақшылары және «Арлан» арнайы жасағының жауынгерлері бірлескен шара барысында 29 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Патрульдік полиция күдіктіні тоқтатқан. Сол сәтте жүргізуші белгісіз затты жасырмақ болып, бұталардың арасына лақтырған. Тексеру кезінде оның травматикалық тапанша екені анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды, - делінген мәліметте.