Қарағандыда "ҚазАвтоЖол" мекемесінің 1403 байланыс орталығына жүк көлігінің жүргізушісі хабарласып, көмек сұраған. Айтуынша, қалың қарға байланысты көлікті тізгіндей алмай, жолдың шетіне шығып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мекеменің сервис мамандары дереу көмекке барып, жүк көлікті сүйреп шығарған. Мамандардың айтуынша, қыстың күндері мұндай жағдайлар жиі болып тұрады. Көп жүргізушілер бұрылар кезде жылдамдық режимін есептемей, жолдың шетіне шығып кетіп жатады екен.
Күн сайын біздің жолшылар осындай жағдайларға тап болған жүргізушілерге көмектеседі. Жолшының жұмысы жеңіл емес, бірақ қиындықтарға қарамай кез келген жүргізушіге қол созызуға дайын. Жолда абай болыңыздар,-деп атап өтті "ҚазАвтоЖол" мекемесіндегілер.