05.09.2025
01:21
466
Қарағандыда қабатты үйдегі өрт соңы жарылысқа ұласа жаздады

Қарағандыда қабатты үйдегі өрт соңы жарылысқа ұласа жаздады

Қарағанды облысының Приозерск қаласында  9 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде өрт шықты. Оқиға кезінде құтқарушылар 10 адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Жалын үйдің тұрмыстық заттары мен жиһазын, пластикалық есігін, төбеге орнатылған пластикалық панельдерді, сондай-ақ балконның ағаш құрылымдарын шарпыды. Өрттің жалпы аумағы шамамен 12 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары үйден 10 адам, соның ішінде 4 баланы эвакуациялады. Барлығы көміртегімен уланудан құтқарылды. Сөндіру барысында пәтерден газ баллонын уақытылы қауіпсіз жерге шығарылды, бұл ықтимал жарылыстың алдын алды. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ,-деп атап өтті министрліктен.