Қарағандыда өрттен үш адам құтқарылды

Бүгiн, 16:36 115

Өрт сөндірушілер өрттен үш адамды құтқарды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды қаласы Молокова көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде жалпы төрт шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаздар өртенді.

ТЖМ күштері пәтерлерден құтқару қалпақтарының көмегімен 3 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: