Қарағандыда ТЖМ қызметкерлері моншаны өрттен қорғап қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ТЖМ мәліметінше, Бұқар Жырау даңғылында бір қабатты моншаға жапсарлас салынған донерхана отқа оранып, жалын моншаның шатырына тараған.
Құтқарушылар 90 шаршы метр алаңдағы өртті жедел сөндіріп, оның әрі қарай таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.