13.02.2024
12:26
1217
Қарағандыда мектептегі терракт туралы хабар таратқан 13 жастағы бала ұсталды

Қарағандыда мектептегі терракт туралы хабар таратқан 13 жастағы бала ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері терроризм туралы хабарлама таратқан адамды ұстады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс мектептерінде оқушыларды атамын деп хабарлама таратқан телеграмм-арнасының әкімшісі әрі авторын ұстады.

13 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны әлеуметтік желіден терроризм тақырыбындағы ақпаратты көріп, «Очищение Караганды» деген атаумен Telegram-арна құрған. Кейін облыс төңірегіндегі мектептерде терроризм актісі дайындалып жатқаны туралы ақпарат таратқан, - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Қазір арна өшірілді. Баланың ата-анасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады