Қарағандыда көктайғақ салдарынан автобус жаяу адамды қағып өлтірді

13 Қазан, 15:02 536

Ауа-райының күрт өзгеруі және жүргізушілердің жол жүру ережесін сақтамау салдарынан өткен тәулікте Қарағанды облысында 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс полициясы департаментінің мәлімдеуінше, салдарынан бір жол-көлік оқиғасында жаяу жүргінші қайтыс болса, екі адам түрлі дене жарақатын алған.

Мәселен, сағат 19.00 шамасында Липецкая көшесінде 53 жастағы қоғамдық көліктің жүргізушісі жолдың тайғақтығынан 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жәбірленуші азамат ауруханаға жеткізіліп, алған дене жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Шахтинск және Теміртау қалаларында болған жол-көлік оқиғаларынан екі адам ауруханаға жеткізілді, деп жазылған ПД хабарламасында.

Тәулік ішінде тіркелген қалған 19 жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер жоқ.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: