11.11.2024
15:43
920
Қарағандыда екі жүк көлігі соқтығысты

Қарағандыда екі жүк көлігі соқтығысты

Қарағанды облыстық ТЖД мәліметінше, жол апаты бүгін Қарағанды қаласының Солтүстік-Шығыс индустриалды аймағы ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір-біріне соғылған «Scania» және «Volvo» жүк көлігі өртенген. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шекпеген. Өрт ауданы 60 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан бағандағы екі бағдаршамның корпусына зақым келген, - делінген мәліметте.

Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.