Қарағандыда екі жеңіл автокөлік өртенді

Қарағандыда екі жеңіл автокөлік өртенді

12 мамырда Қазыбек Би ауданында екі көлік өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғары температурадан сол жердегі тұрақта тұрған автокөліктің бояуы мен пластикалық бөлшектері зақымданған.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - делінген мәліметте.

Суреттер: t.me/qr_tjm