Қарағандыда бірнеше көліктен ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Бүгiн, 12:39 121

Қарағандыда бірнеше көліктен ұрлық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері “Автокөлік” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Іс-шараның мақсаты – автокөліктен бағалы заттар ұрлаудың алдын алу және автокөлікті айдап кетуді болдырмау. Жедел алдын алу іс-шарасын тиісті деңгейде өткізіп, бұрын осы санатта жасалған қылмысты ашу мақсатында криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметі бөліністерінің қызметкерлерінен жедел тергеу топтары құрылды.

Жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жеңіл көліктерден бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен 40 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу әрекеттері барысында белгілі болғандай, ол көлік терезелерін бұзып, ұрлық жасаған. Күдіктіден айғақ заттар алынып, қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азаматқа қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылар автокөлікті айдап кету дерегіне қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын ұстады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: