29.04.2024
00:31
894
Қарағандыда бір қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Қарағандыда бір қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Қарағанды облысы, Саран қаласында бір қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында 150 шаршы метр аумақтағы өрт сағат 21-46-да жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі– пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы.