Қарағандыда бес балаға азғындық әрекет жасаған ер адам сотталды

29 Желтоқсан 2023, 13:29 826

Қарағанды облысында бес бірдей балаға азғындық әрекеттер жасаған ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Сотта оның 2023 жылғы 2 сәуірде Қарағанды қаласының 16-шағын ауданында  5 балаға ақша ұсына отырып, азғындық әрекеттер жасағанын анықталды.

Сот қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сотталушыға педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 8 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: