Қарағандыда аттракцион істен шығып, анасы мен қызы зардап шекті

15 Қыркүйек, 22:10 544

Қарағандыда орталық саябақтағы "Тікұшақ" аттракционында кабинка құлап, оның ішінде болған әйел мен қызы зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

25 жастағы келіншек пен оның 2022 жылы дүниеге келген қызы медициналық тексеруден кейін үйлеріне жіберілген

Саябақтарды басқару мекемесінің мәліметінше, бұл аттракцион жеке тұлғаға тиесілі. Аттракцион биыл мамыр айында техникалық сараптамадан өткен. Иесінде пайдалануға қажетті барлық құжаттар бар.

Оқыс оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізуде.

 

 
Перизат Саденова
Бөлісу: