11.05.2023
15:30
1364
Қарағандыда 52 жастағы әйелден жарты килограмға жуық героин тәркіленді

Қарағандыда 52 жастағы әйелден жарты килограмға жуық героин тәркіленді

Полиция қарағандылық әйелден жарты килограмға жуық жуық героин тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Polisia.kz сайтының мәліметінше, жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 52 жастағы әйелді анықтаған. Тінту кезінде күдікті ерікті түрде жалпы салмағы 448 гр болатын үш орам героинді тапсырды.

ҚР ҚК 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жүргізілуде,-делінген хабарламада.