20.08.2024
20:30
1592

Қарағандыда 36 сарбаз ауруханаға жатқызылды

Қарағанды облысында әскери бөлімнің сарбаздары жаппай ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық ұлан мәліметінше, жедел ішек инфекциясымен Теміртау қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 31 сарбаз,  ЖРВИ диагнозымен тағы 5 сарбаз түскен. 

Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді. Ауру ошағы ауыхдықталды. Қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, - делінген мәлілемтте.