Қарағандыда 10 жасар бала ашық құдыққа құлап кетті

28 Тамыз, 22:06 771

ТЖМ құтқарушылары он жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, бүгін Қарағанды қаласының Ә.Бөкейханов ауданындағы К.Цеткин көшесі бойында 2014 жылы туған бала абайсызда ашық құдыққа құлап, өздігінен шыға алмаған.

Құтқарушылар баспалдақтың көмегімен жасөспірімді құдықтан аман-есен шығарды, оған медициналық көмек қажет болмады, - делінген мәліметте.

Зарина Арман
Бөлісу: