Бүгін Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қарағанды облысының жастары экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында Қарқаралы ұлттық табиғи паркінде «Таза Қазақстан» сенбілігін өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мәліметінше, акция барысында табиғатты аялауға үн қосқан жастар қоқыс жинап, орман аймағын тазартуға белсене атсалысты.
Бұл шара – жастардың туған жерге, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған игі қадам, - делінген мәліметте.