Қарағанды сусыз қалды

30 Шілде 2023, 21:52 710

Қарағандыдағы Назарбаев көшесінде коммуналдық апат болып, бірқатар тұрғынүй сусыз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Назарбаев, 11-35, 20-36, Гоголь 21-31, Чижевский, 11-29, Лобода, 46/2 көшесінде тұратын тұрғындар суық сусыз отыр.

«Қарағанды Су» ЖШС мәліметіне сәйкес, Назарбаев, 19/1 көшесіндегі су құбырынан ақау шыққан.

Орталық сумен жабдықтау цехының бригадасы апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - делінген мекеме таратқан хабарламада.  

Берік Арманов
Бөлісу: