Нақтыланған ақпараттар бойынша, бүгін өрт болған «Қазақстан» көмір шахтасынан бұған дейін хабарланғандай екі адамның емес бір адамның денесі шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның атқарушы директоры Виктор Гафиулов мәлімет берді.
Осы уақытта тағы 4 адам іздестіріліп жатыр.
Айта кетейік, бүгін, 17 тамыз күні сағат 10:05-те «Қазақстан» шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Апатты жою жоспары енгізілді.
Шахтада 227 адам болған, олардың 182-сі эвакуацияланып, 45 адам шахтада қалып қойды.
Кейінірек 222 адамның эвакуацияланғаны хабарланды. Қауіпсіз жерге шығарылған 13 адам бас ауруы мен жөтелге шағынданған. Ал 5 адамның тағдыры белгісіз еді.
Кейінірек хабарсыз кеткен екі кеншінің табылғаны белгілі болды.