Қарағанды қаласында су тасқыны қаупі бар учаскелер әуеден бақыланды

26 Наурыз 2023, 15:31 729

Қарағанды қаласында су тасқыны қаупі бар учаскелер әуеден бақыланды, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов пен Қарағанды қаласы ТЖ басқармасының бастығы Нұрлан Шакенов қаланың іргелес аумағына әуеден барлау жүргізді. Қаланың Михайловка бөлігі, Федоров су қоймасы, саяжай қоғамдары, Соқыр өзендерінің арналары, Көкпекті, Солонка, Оңтүстік-Шығыс секторы, Күнгей ауданы, Тәттімбет - Мұқанов көшесінің іргелес дала белдеуі және Рабочий кенті зерттелді.

Ұшу барысында қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде канал салу бойынша жүргізілген жұмыстар, сондай-ақ ұзындығы 7,2 км Рабочий кентінде Солонка өзенін санациялау және қорғаныс білігін салу бойынша жұмыстар қаралды.

Өзендер қысқы режимде, қар жамылғысы шамамен 50% құрайды.

EL.KZ
Бөлісу: