Қарағанды қаласын кім басқаратыны белгілі болды

9 Желтоқсан 2022, 06:26 4228

Мейрам Кожухов Қарағанды әкімінің міндетін атқарады

Қарағанды қаласының әкімі қызметін Мейрам Кожухов атқарады, деп хабарлайды El.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Мейрам Кожухов 1972 жылы 7 қарашада дүниеге келген.

Еңбек жолын 1992 жылы «М. К-Люкс»ЖШС атқарушы директоры қызметінен бастады.

2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.

2001 жылдан 2005 жылға дейін Саран қаласының мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

2005 жылдан 2010 жылға дейін Ақтас кентінің әкімі.

2010 жылдан 2018 жылға дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары.

2018 жылдан 2022 жылға дейін Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімі лауазымында болған.

2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Қарағанды қаласының әкімі болған Ермағанбет Бөлекпаев осы облыстың әкімі лауазымына тағайындалды.

EL.KZ
Бөлісу: