Қарағанды полицейлері қалта ұрысын ұстады, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 25 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны арызданған. Ол белгісіз біреудің телефонын ұрлап кеткенін хабарлады. Ұрлық жәбірленуші таңертең автобуспен жұмысқа бара жатқанда орын алған.
Телефон сөмкеде болған. Аялдамадан түскен әйел қоңырау шалғысы келіп телефонын іздегенде, оның жоғалып кеткенін байқаған. Келтірілген шығын көлемі 380 мың теңгені құрады. Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 39 жастағы ер адамды ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Заттай дәлелдемелер алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.