Қарағанды өңірінде су тасқыны кезеңіндегі барлық қажетті шара қабылданды

7 Сәуір, 17:38 545

Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық 2023 - жылғы Су тасқынына қарсы іс-шаралардың республикалық жол картасына және облыстық инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс бойынша 20 елді мекен аумағында барлығы 90-ға жуық іс-шара орындалды. Шамамен 8 шақырым қорғаныс бөгеттері мен жалдар тұрғызылды және нығайтылды, өзен арналарының 45 км су тасқыны қауіпті учаскелеріне санация жүргізілді, 11 км су бұру каналдары салынды және жөнделді, 18 км дренаж және су бұру жүйелері тазартылды, автомобиль жолдарының 66-ты учаскесінде су өткізу қабілеті ұлғайтылды, 54 су шаруашылығы объектілеріне жөндеу жүргізілді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, барлық қажетті шаралар қабылданды. Сондай-ақ қосымша 3765 тонна жанар-жағармай, 171 тонна азық-түлік, 64 мың тонна инертті материал, 189 мың дана қаптар дайындалды. Облыстың елді мекендерінің аумағынан 2 млн 600 мың м3 астам қар шығарылды. 45 шақырым су бұру траншеялары жасалды, 155 км каналдар мен арықтар, 4635 бірлік су өткізу құбырлары және 441 көпір тазартылды.

Әрине, көп нәрсе ауа-райына байланысты - топырақтың күзгі ылғалдылығы, тоңның терең қатуы, ақпанның жаңбыры, күндізгі және түнгі жылы температура өз әсерін тигізді. 2015 - жылғы ауқымды су тасқынынан кейін жүргізілген жұмыс соңғы 7 жылда 122 елді мекенде су басу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік берді. Әрине, штаттан тыс жағдайлар болды, бұдан былай бұған жол бермеу үшін міндетті түрде жұмыс істейтін боламыз. Қазіргі уақытта облыс аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақталды. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Автожолдар барлық бағытта ашық. Жергілікті жердегі басқару органдары халықтың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жұмыстарына кірісті, - деді спикер.
Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: