Қарағанды облысының су қоймаларында тасқын суды жинау штаттық кестеге сай өтіп жатыр

31 Наурыз, 06:20 738

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, Қарағанды облысының су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қажетті арнайы техникамен жабдықталған жөндеу бригадалары бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Самарқанд су қоймасында 73 млн текше метр көлемде бос орын дайындалды. Бүгінгі күнге су қоймасы 83%-ға толы. Жиналған судың жалпы көлемі 212 млн текше метр. Бос көлем - 43 млн текше метр, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар Ынтымақ су қоймасында 68 млн текше метр бос орын дайындалды. Бүгінгі күнге су қоймасында 51% бос орын бар. Жиналған судың жалпы көлемі 53 млн текше метр. Су қоймасы қосымша 56 млн текше метр су қабылдай алады.

Ведомство хабарлағандай, жазғы-күзгі кезеңде су тораптарының металл бекітпелерінде жүк көтеру механизмдерін тексеру арқылы регламенттік жұмыстар жүргізілді.

Зарина Арман
Бөлісу: